Қазақстанда жеке тұлғаларды банкроттық рәсімдері іске
қосылды

Қазақстанда 2023 жылғы 3 наурызда банкроттыққа өтінімдерді қабылдау басталды. Соттан тыс банкроттыққа өтініштерді қабылдаудың бірінші күні ғана 2 466 қазақстандық жүгінді және олардың саны күн сайын артып келеді.

Өтінішті eGov.kz сайты, Egov mobile, e-Salyq Azamat мобильді қосымшалары арқылы беруге болады сондай-ақ жақын маңдағы ХҚКО бөлімшесінде қағаз жеткізгіште.

Өтініш берер алдында борышкер әр процедура үшін келесі шарттардың сақталуын тексеріп, өзі үшін ең қолайлы шартты таңдауы керек.

«ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңы жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің үш түрін көздейді: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Барлық үш процедураны тек борышкердің өзі бастайды, несие берушінің борышкерге қатысты аталған процедураларды қолдануға құқығы жоқ.

Төлем қабілеттілігін және банкроттықты қалпына келтіруге өтініш беру үшін басты шарттардың бірі-айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1600 еселенген мөлшерінен аспайтын міндеттемелердің болуы – 5 520 000 теңге және өтініште көрсетілген барлық кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша өтініш берген күнге 12 ай ішінде берешекті өтеудің болмауы; не міндеттемелерді орындамау мерзімінің болуы – өтініш берген күні 5 жылдан астам.

Банктің немесе микроқаржы ұйымының шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы жауабы не борышкер өтінішінің көшірмесі немесе өтініштің жіберілгені туралы басқа да растамасы болуы қажет.

Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе-жоғарыда аталған барлық шарттар ескерілмейді.

Өтініш берер алдында банкрот деп танылған қазақстандықтар 5 жыл кредит ала алмайтынын, ал азамат банкрот деп жарияланғаннан кейін 3 жыл ішінде оның қаржылық жағдайы мониторингке жататынын ескерген жөн. Қайта банкроттыққа 7 жылдан кейін ғана жол беріледі.

Қандай процедураны таңдаған дұрыс және ол үшін қандай құжаттар пакетін жинау керек, сіз Need Help мобильді қосымшасы арқылы біле аласыз.

Scroll to Top

Ескерту! Барлық төлемдер тек Need Help заңды компаниясының ресми шоттарына төленуі керек.