Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережелері әзірленді

«Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы 2023 жылғы 10 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды. Бұйрық Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексін іске асыру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасы мынадай жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін қамтиды: баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; бір жарым жасқа толғаннан кейін бала күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балаларға, олар 18 жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ 24 жасқа толғанға дейінгі жаста); «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.

Сіз кез-келген жәрдемақыны тағайындау мен төлеудің қолданыстағы тәртібі туралы Need Help мобильді қосымшасы арқылы біле аласыз.

Scroll to Top

Ескерту! Барлық төлемдер тек Need Help заңды компаниясының ресми шоттарына төленуі керек.