Құпиялық саясаты
Соңғы жаңартылуы: 2023 жылғы 6 қаңтар
Осы Құпиялық саясаты сіз Сервисті пайдаланған кезде сіздің ақпаратыңызды жинауға, пайдалану мен ашуға қатысты Біздің саясатымыз бен процедураларымызды сипаттайды, сондай-ақ сіздің құпиялыққа байланысты құқықтарыңызды және заң сізді қалай қорғайтынын баяндап береді.
Біз Сіздің Дербес деректеріңізді Сервиске беру және оны жақсарту үшін пайдаланамыз. Сервисті пайдалана отырып, Сіз ақпаратты осы Құпиялық саясатына сәйкес жинауға және пайдалануға келісесіз.
Түсіндірме және анықтамалар
Түсіндірме
Бас әріппен басталып жазылған сөздер келесі жағдайларда анықталатын мәнді білдіреді. Келесі анықтамалар жекеше түрде тұрса да, немесе көпше түрде болса да бір мәнге ғана ие болады.
Анықтамалар
Осы Құпиялылық саясатының мақсатында:
- Есептік жазба Сіздің біздің Сервисімізге немесе оның бөліктеріне қолжетімдігіңізді қамтамасыз ету үшін жасалған бірегей есептік жазба болып табылады.
- Үлестес тұлға бақылайтын, бақыланатын немесе тараптың жалпы бақылауындағы заңды тұлға, онда «бақылау» дегеніміз, директорларды немесе басқа басқару органдарын сайлау барысында дауыс құқығы бар акциялардың, қатысу үлестерінің немесе басқа бағалы қағаздардың 50% немесе одан көп акцияларына ие екендігін білдіреді.
- Қосымша Need Help-ке, Компания берген бағдарламалық жасақтамаға қатысты.
- Компания (осы Келісімде «Компания», «Біз», «Бізді» немесе «Біздің») «Need Help» ЖШС-не қарасты болып табылады, Алматы қ., Луганский к-сі, 139, 050020.
- Елі: Қазақстан
- Құрылғы, ол Сервиске қолжетімдік беретін компьютер, ұялы телефон немесе сандық планшет сияқты кез келген құрылғы болып табылады.
- Дербес деректер – ол жеке тұлғаға қатысты сәйкестендірілген немесе сәйкестендірілетін кез келген ақпарат.
- Сервис Қосымшаға жатады.
- Қызметтерді жеткізуші Компания атынан деректерді өңдейтін кез келген заңды тұлға. Ол Қызмет көрсету үшін, Компания атынан Қызметтер ұсыну үшін, Қызметке қатысты қызметтер көрсету үшін немесе Компанияға Қызметтің қалай пайдаланылатындығын талдауға көмектесу үшін Компания жалдаған басқа компаниялар немесе жеке тұлғалар болып табылады.
- Пайдаланғаны туралы деректер – ол автоматты түрде Сервисті пайдалану барысында немесе Сервистің өзінің инфрақұрылымынан туындайтын деректер (мысалы, парақты қарау ұзақтығы).
- Сіз Сервиске қолжетімдік алатын жеке тұлғаны немесе оны, немесе компанияны, немесе осындай жеке тұлға Сервиске қолжетімдік алған немесе жағдайға байланысты оны пайдаланатын басқа заңды тұлға атынан әрекет ететін жеке тұлғаны білдіреді.
Сіздің жеке деректеріңізді жинау және пайдалану
Жиналатын деректердің түрлері
Жеке деректер
Біздің Сервисті пайдалану барысында біз сізден белгілі бір жеке ақпаратты беруді сұрай аламыз, ол байланыс үшін немесе сізді сәйкестендіру үшін пайдаланылады. Жеке ақпаратқа келесілер жатады, бірақ олармен ғана шектелмейді:
- Электрондық поштаның мекенжайы
- Атыңыз бен Фамилияңыз
- Телефон нөмірі
- Пайдалану туралы деректер
Пайдалану туралы деректер
Пайдалану туралы деректер Сервисті пайдалану барысында автоматты түрде жиналады.
Пайдалану туралы деректерге сіздің құрылғыңыздың интернет-хаттамасының мекенжайы (мысалы, ІР-мекенжайы), браузер типі, Сіз кіретін біздің Сервистің парағы, сіздің кірген уақытыңыз бен мерзіміңіз, осы парақта болған уақытыңыз, бірегей құрылғы, сәйкестендіргіштер және басқа диагностикалық деректер сияқты ақпараттар жатады.
Сіз ұялы құрылғыдан немесе сол арқылы Сервиске қолжетімдік алған кезде, біз автоматты түрде белгілі бір ақпаратты, одан басқа және оған қоса сіз пайдаланып отырған ұялы құрылғының типін, сіздің ұялы құрылғыңыздың бірегей сәйкестендіргішін, сіздің ұялы құрылғыңыздың ІР-мекенжайын, сіздің ұялы операциялық жүйеңізді, Сіз пайдаланатын ұялы интернет-браузеріңіздің типін, құрылғының бірегей сәйкестендіргіштерін және басқа да диагностикалық деректерді жинай аламыз.
Сондай-ақ сіздің біздің Сервиске кірген әр кезіңізде немесе сіз ұялы құрылғыдан немесе сол арқылы Сервиске қолжетімдік алған кезіңізде сіздің браузер жіберетін ақпаратты да жинай аламыз.
Сіздің Дербес деректеріңізді пайдалану
Компания сіздің Дербес деректеріңізді келесі мақсаттарда пайдалана алады:
- Сервисімізді беру және қызмет көрсету үшін, соның ішінде біздің Сервисімізді пайдалану мониторингін жасау үшін.
- Сіздің есептік жазбаңызды басқару үшін: сізді Сервисті пайдаланушы ретінде тіркелуіңізді басқару үшін. Сіз беретін Дербес деректер сізге тіркелген пайдаланушы ретінде қолжетімді болатын Сервистің әртүрлі функцияларына қолжетімдікті қамтамасыз етеді.
- Шартты орындау үшін: Сервис арқылы сіз сатып алған өнімді, заттарды немесе қызметтерді сатып алу-сату шартын немесе Бізбен жасалатын кез келген басқа шартты әзірлеу, сақтау және бекіту.
- Сізбен байланыс үшін: Сізбен электрондық пошта, телефон соғу, SMS немесе функцияларға, өнімдерге немесе байланыс қызметтеріне, оған қоса, қажет болған немесе оларды жүзеге асыру дұрыс болған кезде қауіпсіздікті жаңартуға байланысты жаңартулар немесе ақпараттық хабарламалар туралы ұялы қосымшаның push-хабарламалары сияқты электрондық байланыстың балама формалары бойынша байланысу мүмкіндігі үшін.
- Сізге жаңалықтар, егер Сіз осындай ақпарат алмауға шешім қабылдамасаңыз, арнайы ұсыныстар мен біз ұсынатын, Сіз сатып алған немесе сіз сұрағандарға балама басқа тауарлар, қызметтер және оқиғалар туралы жалпы ақпарат беру үшін.
- Сіздің сұраныстарыңызды басқару үшін: сіздің бізге берген сұраныстарыңызға қызмет көрсету және оларды басқару үшін.
- Бизнесті табыстау үшін: біз сіздің ақпаратыңызды Біздің Сервистің пайдаланушысы туралы сақталатын сіздің Дербес деректеріңіз берілетін активтер санына кіретін қолданыстағы қызмет ретінде болса да немесе банкроттықтың, таратудың немесе жеке тұлғаның осыған ұқсас процесінің бөлігі ретінде болса да біріктіруді, бөлуді, қайта құрылымдауды, қайта ұйымдастыруды, бөлуді немесе басқа да сатуды немесе Біздің активтеріміздің бір бөлігін немесе барлығын беруді бағалау немесе жүргізу үшін пайдалана аламыз.
- Басқа мақсаттар үшін: біз сіздің ақпаратты деректерді талдау, пайдалану үдерісін айқындау, біздің жарнамалық науқандарымыздың тиімділігін анықтау, сондай-ақ біздің Сервисті, оның өнімдерін, қызметтерін, маркетингі мен сіздің тәжірибеңізді бағалау сияқты басқа мақсаттар үшін де пайдалана аламыз.
Біз сіздің жеке ақпаратты келесі жағдайларда бере аламыз:
- Қызметтерді жеткізушілерге: біз сіздің жеке ақпаратыңызды біздің Сервисті пайдалану мониторингі мен талдау қызметтерінің жеткізушілеріне, сізбен байланыс үшін пайдалана аламыз.
- Үлестес тұлғалармен: біз сіздің жеке ақпаратыңызды үлестес тұлғалармен бөлісе аламыз, және бұл жағдайда осы үлестес тұлғалардан осы Құпиялық саясатын сақтауды талап етеміз. Үлестес тұлғаларға біздің аналық компания мен кез келген еншілес компаниялар, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестер немесе біз бақылайтын немесе біздің ортақ бақылауымыздағы басқа компаниялар жатады.
- Іскер серіктестермен: Біз сіздің ақпаратыңызды сізге белгілі бір қызметтер, өнімдер немесе жарнамалық науқандар ұсыну үшін Өзіміздің іскерлік серіктестерімізбен бөлісе аламыз.
- Басқа пайдаланушылармен: сіз басқа пайдаланушылармен бөліскен кездегі ақпаратыңызды немесе олармен жалпыға қолжетімді аймақта өзара басқа түрде әрекет еткен кезде бөлісетін ақпаратыңызды барлық пайдаланушылар көре алады және ол бұқаралық түрде оның шегінен шығып кетуі де мүмкін.
- Сіздің келісіміңіз бойынша: біз сіздің жеке ақпаратыңызды сіздің келісіміңіз бойынша кез келген басқа мақсаттарда аша аламыз.
Сіздің жеке деректеріңізді сақтау
Компания сіздің жеке деректеріңізді тек осы Құпиялық саясатында көрсетілген мақсаттар үшін қажет болғанша ғана сақтайды. Біз сіздің жеке деректеріңізді заңды міндеттемелерімізді орындау үшін (мысалы, қолданыстағы заңнаманы сақтау үшін деректеріңізді сақтауымыз қажет болса), дауларды шешу және заңды келісімдеріміз бен саясаттарымызды орындау үшін қажетті көлемде сақтаймыз және пайдаланамыз.
Компания Пайдалану деректерін сонымен қатар ішкі талдау мақсаттары үшін де сақтайды. Қолдану деректері, деректер Біздің Сервисіміздің қауіпсіздігін немесе функционалдығын жақсарту үшін пайдаланылған жағдайларды немесе заң бойынша осы деректерді ұзақ уақыт бойы сақтауды талап ететін жағдайларды қоспағанда, әдетте қысқа уақыт ішінде ғана сақталады.
Сіздің жеке деректеріңізді беру
Сіздің ақпаратыңыз, соның ішінде Дербес деректер Компанияның операциялық кеңселерінде және өңдеуге қатысатын тараптар орналасқан кез келген басқа жерлерде өңделеді. Бұл – осы ақпарат сіздің штатыңыздан, провинцияңыздан, еліңізден немесе деректерді қорғау заңдары сіздің юрисдикцияңыздағыдан өзгеше болуы мүмкін басқа мемлекеттік юрисдикциядан тыс орналасқан компьютерлерге тасымалдануы және сақталуы мүмкін дегенді білдіреді.
Сіздің осындай ақпаратты беруіңіз тура келетін осы Құпиялық саясатымен келісуіңіз сіздің осындай ақпаратты беруге келісетіндігіңізді білдіреді.
Компания осы Құпиялық саясатына сәйкес, сіздің деректеріңіздің қауіпсіз өңделуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және, егер тиісті бақылаулар, соның ішінде Сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі қабылданбаса, жеке деректеріңіз бен ақпаратыңыз қандай да болмасын ұйымға немесе елге берілмейді.
Сіздің жеке деректеріңізді жою
Сіздің Біз сіз туралы жинаған Дербес деректерді жойып тастауға немесе оларды алып тастау үшін көмек сұрауға құқыңыз бар.
Біздің Сервис Сізге Сервистен Сіз туралы белгілі бір ақпаратты алып тастау мүмкіндігін бере алады.
Есептік жазбаңыз болса, Сіз өзіңіздің есептік жазбаңызға кіріп, сізге өзіңіздің жеке ақпаратыңызды басқаруға мүмкіндік беретін есептік жазбаны икемдеу бөлімін ашып, өз ақпаратыңызды кез келген уақытта жаңарта, өзгерте немесе жоя аласыз. Сіз бізге берген кез келген ақпаратқа қолжетімдік алу, түзету немесе жою үшін, бізбен байланыса аласыз.
Дегенмен, бізде заңды міндеттемеміз немесе заңды негізіміз болған жағдайда белгілі бір ақпаратты сақтау қажет болуы мүмкін екенін ескеруіңіз керек.
Сіздің жеке деректеріңізді ашу
Іскерлік операциялар
Егер Компания акцияларды біріктіруге, сатып алуға немесе сатуға қатысатын болса, онда Сіздің Дербес деректеріңіз берілуі тиіс. Сіздің Дербес деректеріңіз берілгенге және олар басқа Құпиялық саясатының мәніне айналғанға дейін біз сізге хабар береміз.
Құқыққорғау органдары
Белгілі бір жағдайларда, егер заң бойынша талап етілсе немесе мемлекеттік органдардың нақты сұраныстарына (мысалы, соттың немесе мемлекеттік мекеменің) жауап беру ретінде талап етілетін болса, Компания Сіздің Дербес деректеріңізді ашуға міндетті болады.
Басқа заңды талаптар
Компания, адал оймен, осындай әрекеттер қажет деп санаса, келесі жағдайларда:
- Заң міндеттемелерін орындау
- Компанияны және оның құқығын немесе меншігін қорғау
- Сервиске байланысты болуы мүмкін құқық бұзушылықтарды болдырмау немесе тергеп-тексеру
- Сервситі пайдаланушылардың немесе қоғамның жеке қауіпсіздігін қорғау
- Заң жауапкершілігінен қорғау үшін Сіздің Дербес деректеріңізді аша алады.
Сіздің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі
Сіздің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі біз үшін маңызды, бірақ Интернет арқылы тасымалдаудың ешбір әдісі немесе электронды сақтау әдісі 100% қауіпсіз емес екенін есте сақтаңыз. Біз сіздің жеке ақпаратыңызды қорғау үшін коммерциялық қолайлы құралдарды қолдануға тырысқанымызбен, оның абсолютті қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз.
Балалар құпиялығы
Біздің Сервис 13 жасқа толмаған адамдарға арналмаған. Біз 13 жасқа толмаған ешкімнен жеке ақпаратты әдейі жинамаймыз. Егер сіз ата-ана немесе қамқоршы болсаңыз және балаңыздың бізге жеке ақпаратты бергенін білсеңіз, бізге хабарласыңыз. Ата-ананың рұқсатынсыз 13 жасқа толмаған тұлғалардан жеке ақпаратты жинағанымызды білсек, біз бұл ақпаратты серверлерден жою шараларын қабылдаймыз.
Егер ақпаратыңызды өңдеу үшін заңды негіз ретінде келісімге сенуіміз қажет болса және сіздің мемлекет ата-ананың келісімін талап етсе, бұл ақпаратты жинау және пайдалану алдында біз ата-анаңыздың келісімін талап етуіміз мүмкін.
Басқа веб-сайттарға сілтеме
Біздің Сервисте біз өзіміз басқармайтын басқа веб-сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Егер Сіз бөтен сілтемені басатын болсаңыз, онда сіз осы үшінші тараптың сайтына бағытталасыз. Біз Сіз кіретін әрбір сайттың Құпиялық саясатымен мұқият танысуыңызды қадала сұраймыз.
Біз үшінші тарап сайттарының немесе қызметтерінің мазмұнын, Құпиялық саясатын немесе тәжірибесін бақыламаймыз және олар үшін жауап бермейміз.
Осы Құпиялық саясатына өзгерістер енгізу
Біз уақыт өте келе осы Құпиялық саясатын жаңартып отырамыз. Біз осы парақта жаңа Құпиялық саясатын жариялай отырып, Сізге оған енгізілген қандай да болмасын өзгерістер туралы хабарлаймыз.
Өзгеріс күшіне енгенге дейін Сізге электрондық пошта және/немесе Сервисіміз туралы көрнекті хабарлама жібереміз және осы Құпиялық саясатының жоғарғы жағындағы «Соңғы жаңарту» күнін жаңартамыз.
Сізге кез келген өзгерістер бар-жоғын біліп отыру үшін, осы Құпиялық саясатын мерзімді түрде қарап шығу ұсынылады. Осы Құпиялық саясатына енгізілген өзгерістер осы бетте жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Бізбен байланысу
Егер сізде осы Құпиялық саясаты туралы қандай да болмасын сұрақтар пайда болса:
- Біздің сайтымыздың https://needhelp.kz парағына кіріңіз де, бізбен хабарласыңыз.