Біз туралы
«Керуен» компаниясының Тобы өзінің заң жобасы «Need Help» мобильді қосымшасын іске қосты. Бұл жобаның басты мақсаты халықтың заңи сауаттылығын көтеру болып табылады. Бұл жоба, сандық ауқымындағы барлық заманауи үрдістерді ескере отырып, екі жыл бойы дайындалды. Мобильді қосымшаны дайындауда әртүрлі елдердің IT-мамандар командасы жарты жылдай жұмыс жасады.
Қазақстандықтар күнделікті өмірде өздерінің құқықтарын қорғайтын заңи білімділікті қажет ететін жағдайларға тап болады. Бұл қосымшаның мақсаты- әр адамға өз құқықтылығына сенім беру және ықтимал қателіктер мен айыппұлдық ықпалшара түріндегі қосымша шығындардан сақтау үшін кез келген уақытта кез келген жерде білікті заңгерден кеңес алу мүмкіндігін туғызу.
Заңи кеңестерден басқа, қосымша қолданушыларға азаматтардың тіршілігіне тікелей қатысы бар заңи жаңалықтары, құқық жаңалықтары, заңнамалардағы өзгерістер туралы мәлімет беріп отырады.
САДЫКОВ АБАЙ МАСЛАХАТОВИЧ МЫРЗА
Бақылау комитетінің төрағасы
Мұнайгаз және банк салаларында үлкен жұмыс тәжірибесі бар, «Қазақойл»,«Қазтрансгаз» және «Қазақстан Халық Банкі» компанияларында басшы қызметтерде еңбек атқарған. Оның басшылығымен экономиканың әртүрлі салаларында кеңауқымды жобалар іске асырылды. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасап жүріп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер Министрлігінің әртүрлі құрылымдарын басқарған және Ақтөбе қаласының Әкімі қызметін атқарған. Садыков А.М. мырзаның экономист және заңгер мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, заң ғылымдарының кандидаттық ғылыми дәрежесі бар (Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресей Академиясы ), Қазақстан Республикасының «Құрмет» Орденімен марапатталған.
Латыпова Гульфия Гумаровна Need Help заңгерлік фирмасында 2022 жылдан бері жұмыс істейді, директор қызметін атқарады, 18 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибеші заңгер, ірі халықаралық ұйымдарда көп жылдық тәжірибесі бар, кейбір нормативтік құқықтық актілер.
Латыпова Гульфия Гумаровна
Директор